Америкалық Колумбия университетінің бір студенті математика сабағында қалғып кетеді. Дәріс аяқталған соң адамдардың даусынан оянып, тақтада екі есептің жазылып тұрғанын көреді. «Үйде қарап шығамын», — деп ойлайды ол. Бірақ үйге келген соң есептердің өте күрделі екенін түсінеді. Соған қарамастан, ол берілмейді: кітапханаға барып, қажетті материалдарды іздеп табады, бар уақытын және күш-жігерін соған арнайды.
Келесі дәрісте ол профессордың үй тапсырмасын тексермей жатқанын байқайды. Таңғалып қол көтеріп сұрайды:
— Профессор, неге өткенде берген есептерді тексермейсіз? Олар міндетті емес пе еді?
Профессор жымиып:
— Ол ешқандай тапсырма болған жоқ. Мен әншейін әлі күнге дейін әлемде ешкім шығара алмаған математикалық мәселелердің мысалын көрсеткенмін, — дейді.
Студент сасқалақтап қалады да:
— Бірақ мен оларды шығардым… — деп сыбырлайды.
Шынында да, оның шешімі дұрыс деп танылады. Сол есептерге арналған төрт ғылыми жұмысы әлі күнге дейін университетте сақтаулы тұр.
Бұл — адам рухының таңғаларлық күшінің айғағы. Ал мұның бәрі — ол дәрісте қалғып кеткендіктен, «Бұл есептер шешілмейді» деген сөзді естімегенінен басталды. Яғни, ол «мүмкін емес» дегенді білмеді. Сондықтан мүмкін етті.
Өмірлік сабақ: Сізге «қолыңнан келмейді» дейтіндерге сенбеңіз. Өзгелердің шектеуін өзіңіздікі етпеңіз. Адам өзін сендірсе — бәріне қабілетті. Ең бастысы — алға ұмтылу, қайта-қайта тырысу және ешқашан берілмеу керек.
