Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз мейрамы 22 наурыз күні аталып өтіледі. Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың бастауы ретінде тойланады. Халықтың баяғы түсінігі бұл түні даланы Қыдыр аралайды.

Ұлыс қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі санаған. Халық таза жаңа киімдерін киіп бір-бірімен қол алысып, амандасып төс қағыстырып жақсы тілектер айтылады. Мерекеге арнап жеті түрлі дәннен наурыз көже дайындалады. Осы күні адамдар жаман ойдан, пендешілік атаулыдан тазарып арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, дастарханынан дәм тарттырып, табыстырған. Алтыбақан басында ән айтып, күй тартады. Дәстүрлі ұлттық ойындар ойналады, көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу тағы басқа ойындар ойналады.

Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады. 22-ші наурыз күні күн мен түн теңеледі. Табиғат та, жер ана да, жан-жануар да оянады. Ынтымағы жарасқан көп ұлтты еліміздің осы бірлігін құдай ұзағынан сүйіндірген әр шаңыраққа қыдыр дарып бақ қонсын. Мұсылман қауымына исламның жеті байлығын тілейміз. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Түркістан облысы, Отырар ауданы

Ғ. Мұратбаев атындағы шағын жинақты

жалпы білім беретін мектептің

5-сынып оқушысы Утен Нурислам

Жетекшісі Құрманбекова Дүйсенкүл.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *