Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасып, жан-жақты дамуында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара тығыз байланысы айрықша рөл атқарады. Бала үшін ата-ананың мейірімі мен қолдауы қаншалықты маңызды болса, тәрбиешінің кәсіби ықпалы мен балабақшадағы жайлы орта да соншалықты қажет. Осы екі орта бір-бірін толықтырып, бір мақсатқа жұмылғанда ғана бала өзін қауіпсіз сезініп, еркін дамуына мүмкіндік алады.
Бүгінгі таңда балабақша мен отбасы арасындағы байланыс тек ата-аналар жиналысымен немесе мерекелік шаралармен шектелмеуі тиіс. Бұл – баланың қызығушылығын, қабілетін, мінез-құлқын және эмоционалдық жағдайын бірге бақылап, оның әрбір жетістігіне қуанып, қиындықтарын бірлесе шешетін үздіксіз серіктестік. Өйткені баланың балабақшадағы бір күні мен үйдегі бір күні бір-бірінен бөлек емес, оның тұтас тұлғалық дамуының жалғасы.
Сондықтан бала бақытының берік негізі – балабақша мен отбасының өзара түсіністігі, сенімі және ынтымағы деп айтамын үнемі. Екі тараптың тәрбиелік ұстанымы үйлескен жерде балаға қойылатын талап та, көрсетілетін қолдау да жүйелі болады. Ал мұндай орта баланың өзіне сенімді, мейірімді, белсенді әрі қоғамға бейім тұлға болып қалыптасуына жол ашады.
Осы орайда біздің балабақшадағы тәрбие мен білім беру процесіне ата-аналар да белсене қатыстырылады. Балабақшамызда ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың басты бағыты – бала тәрбиесінде ортақ көзқарас пен бірлескен жауапкершілікті қалыптастыру.
Жыл бойы жүзеге асатын ынтымақтастықтың негізгі міндеттері:
- Педагогтер мен отбасы арасындағы сенімді, ашық әрі әріптестік қарым-қатынасты орнату;
- Ата-аналардың педагогикалық-психологиялық сауаттылығын жүйелі түрде арттыру;
- Баланың даму траекториясын бірлесе жоспарлау және жаңа бастамаларға қолдау көрсету.
«Аяулым» бөбекжай бақшасында ата-аналармен жұмыс тек дәстүрлі баяндама оқумен шектелмейді. Біз ата-аналарды тәрбие процесінің белсенді қатысушысы ету мақсатында заманауи әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданамыз. Соның бірі — «Ашық есік» күндерінің ұйымдастырылуы. «Ашық есік» күндері ата-аналар баласының топтағы тыныс-тіршілігін, тамақтану режимін және білім беру процесіне қалай қатысатын
ын өз көзімен көріп, тәрбиешілердің жұмысына баға береді.
Балабақшамызда психолог мамандардың қатысуымен баланың жас ерекшелік дағдарыстары, эмоцияны басқару және «экраны жоқ уақыт» сыныпты өзекті тақырыптарда интерактивті пікірталастар өтеді.
Ата-аналар тәрбиешілермен бірге балаларға арналған дамытушы ойыншықтар, дидактикалық материалдар жасап, дамытушы ортаны байытуға үлес қосады.
«Әкем, анам және мен – спорттық отбасы», «Отбасылық қолөнер көрмесі», «Шежірелі отбасы» сияқты мерекелік шаралар ата-ана мен баланың арасындағы эмоционалды байланысты нығайтады.
Балабақшадағы күнделікті жаңалықтар мен дамытушы кеңестер топтық мессенджерлер, ресми веб-сайт және әлеуметтік желілер арқылы жедел жеткізіліп, ата-аналар өз ұсыныстарын ашық білдіре алады.

Мектепке дейінгі мекеме мен отбасы бір бағытта әрекет еткенде ғана оң нәтижеге қол жеткізіледі. Отбасындағы және балабақшадағы бірдей талап пен қолдау баланың бойында:
- Өзіне деген сенімділі
к пен ашықтықты;
- Қоршаған ортаға деген қызығушылық пен зерттеушілік дағдыны;
- Әлеуметтік ортаға тез бейімделу қабілетін қалыптастырады.
Бала тәрбиесіндегі ынтымақтастық – уақыт талабы әрі бала болашағына салынған ең үлкен инвестиция. Баланы тәрбиелеу – өнер, ал ол өнерге екі жақтап – балабақша мен отбасы болып үлес қосқанда ғана биік нәтижеге жетеміз.
Балабақша ұжымы әрбір
отбасымен тығыз байланыста болуға, тәжірибе бөлісуге және бірлесе дамуға әрдайым ашық. Балаларымыздың бақытты балалық шағы мен жарқын болашағы үшін
бірлесе еңбек етейік!
Түркістан облысы, Жетісай ауданы
білім бөлімнің «Аяулым» бөбекжай бақшасы
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі
Әзімова Сейсенкүл Досанқызы.
