Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін кешенді реформалау мақсатында іске асырылып жатқан Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау жөніндегі 2025–2027 жылдарға арналған Жол картасы іске асырылуда.
Аталған жол карта аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде менеджменттің тиімділігін арттыру және жетілдіру мақсатында ағ.ж. 29 қазан күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысы колледж басшыларының басшышылық және кәсіби құзыреттерінің деңгейін бағалау бойынша тестілеу жүргізілді.
Негізгі мақсат – колледж басшыларының жеке траекториясын анықтай отырып, келесі біліктілік арттыру курстарды жүйелі өткізуге бет бұру, бағытын анықтау.
