І. Жансүгіров атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Таза Қазақстан» бастамасы аясында білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, еңбекке баулу, ғылым мен жаңашылдыққа қызығушылығын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаның тазалығын сақтаумен қатар, өскелең ұрпақтың туған жерге деген жауапкершілігін арттыратын, еңбекқорлық пен жасампаздық құндылықтарын дәріптейтін маңызды бастама. Осы бағытта мектебімізде өткізілетін іс-шаралар білім мен тәрбиені өзара сабақтастыра отырып ұйымдастырылады.

Мектеп оқушылары қоршаған ортаны қорғау, мектеп аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысады. Тазалық шаралары барысында оқушыларға еңбектің маңызы түсіндіріліп, ортақ іске жауапкершілікпен қарау, табиғатты аялау және қоғамдық мүлікке ұқыптылық таныту дағдылары қалыптастырылады.

Сонымен қатар «Таза Қазақстан» бағыты ғылым және жаңашылдықпен ұштастырылуда. Пән сабақтарында, зерттеу және жобалық жұмыстарда оқушылар экология, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, суды және электр энергиясын үнемдеу, қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу мәселелерін зерделейді. Оқушылардың ғылыми ізденіске қызығушылығын арттыру мақсатында экологиялық бағыттағы зерттеу жобаларына, шығармашылық жұмыстарға және түрлі танымдық іс-шараларға басымдық берілуде.

Еңбекке баулу бағытында білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес практикалық жұмыстар ұйымдастырылып, «еңбек адамына» құрметпен қарау құндылығы дәріптеледі. Оқушы тек дайын білімді меңгеруші емес, өз қолымен пайдалы дүние жасап, қоғам мен қоршаған ортаға үлес қоса алатын жасампаз тұлға болуы тиіс. Сондықтан мектеп ұжымы әрбір іс-шараны баланың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік, ұқыптылық және бастамашылдық қасиеттерін қалыптастырумен байланыстырады.

Мектептегі жұмыстарға педагогтермен бірге оқушылар мен ата-аналардың да белсенді атсалысуы маңызды. Бірлескен еңбек арқылы мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық нығайып, балаларға туған жерді таза ұстау – әр азаматтың ортақ міндеті екендігі іс жүзінде көрсетіледі.

«Таза Қазақстан» аясындағы әрбір игі іс – тазалық мәдениетін қалыптастыруға, ғылыми ойлауды дамытуға, жаңашылдыққа ұмтылуға және адал еңбекті бағалауға бағытталған нақты қадам.

І. Жансүгіров атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымы алдағы уақытта да ғылым мен білімді, жаңашылдық пен жасампаздықты, еңбек пен экологиялық тәрбиені өзара сабақтастыра отырып, саналы әрі жауапты ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді.

Таза орта – таза ойдың бастауы. Ғылым мен еңбек – жасампаз болашақтың негізі!

І. Жансүгіров атындағы ЖББМ КММ-нің

шаруашылық жөніндегі орынбасары

Скендеров Сапарбай.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *