Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы міндетті орындау мақсатында мектебімізде жалпы мектепішілік сенбілік өтті.
Ауыл тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Мектеп ауласын қоқыстан тазартып, көрікті жерге айналдыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. Мектеп мұғалімдері мектеп маңайын, мектепке бөлінген аймақтарды тазалады.Ауылдың санитарлық жағдайын жақсарту үшін көріктендіру жұмыстарымен қатар мектептің сырт көрінісіне де ерекше көңіл бөлу сияқты ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Шара көтеріңкі көңіл-күймен басталды, оған қатысушылар сенбіліктің маңыздылығын жақсы түсініп, белсенді жұмыс істеді. Сөйтіп, білім ордасының ұжымы бір үйдің баласындай біріге жұмылып, сүйікті де көрікті мектептің көріктенуі ісіне өз үлестерін қоса білді.
Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, психологиялық климатты көтеретін керемет әдіс деп есептейді мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері.
Сенбілік – бұл әдемі әлемде өмір сүруге деген ұмтылысымызды көрсетудің тамаша тәсілі, барлығы көктемнің шуақты күнінде бейресми жағдайда бір-бірімізбен араласуға себеп. Өйткені, тәртіп адамда да, оның айналасында да болуы керек, сондықтан сенбіліктер өткізу қажет. Тазалаудан кейін біздің күш-жігеріміздің арқасында одан да әдемі болған әлемге қарау қандай керемет.
Сенбілікке қатысушылар қоқыс, түскен жапырақтар мен шөптерді жинады. Ағаштарды, тротуардың жиектерін ақтау, қоршауды сырлау, ағаш отырғызу және жасыл желектерді күту жұмыстары жүргізілді.
Қызу жүргізілген тазалық шарасына барлық мекеме қызметкерлері біркісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
Соның ішінде, мектепке кіре беріс аймағын, мектеп ауласымен мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Амантаева Гулмира Бөріханқызы,
№17 «Түркістан» жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің
Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары
Түркістан облысы, Жетісай ауданы.
