Қазақ тілі — қазақ халқының ұлттық тілі. Тарихи тамырын терең жайған көркем тіл. Қазақ тіліміз -халқымыздың мәдениеті мен руханиятының, тарихы мен дүниетанымының айнасы. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілі — ұлттың ұйтқысы.

Қазақ тіліміздің дамуы көне түркі жазбаларымыздан бастау алып, орта ғасырлардағы әдебиет арқылы жетіліп, міне, бүгінге дейін жалғасып келеді.

Халық ауыз әдебиеті мен жыраулар поэзиясы, Абай, Шәкәрім, Мағжан сияқты алыптардың шығармаларымен, дамуға деген үлесімен қазақ тілінің көркемдік қуаты нығая отырып, тереңдігі айқындай қалған. Ұлы тұлғаларымыздың еңбегімен қазақ тілі бүгінге дейін жеткен. Болашақ ұрпағын ойлаған кемел тұлғаларымыздың орны біз үшін ерекше.

Міне, бүгінде тілі үшін жанын берген мақтанышымыз — Абай Құнанбайұлына да 180 жыл толып отыр. Өскелең ұрақтың жарқын болашағынан үміт күткен ұлы ақынмен бүгінде жас ұрпақ мақтанады.

Ата-баба аманат етіп қалдырған тіліміз бүгінде сұранысқа ие. Алайда оның қазіргі таңдағы қолданылу аясы  мен қоғамдық өмірдегі орны әлі де болса толыққанды деңгейге жетпегені ащы шындық. Тәуелсіздік алған отыз жылдан астам уақыт ішінде елеулі өзгерістер мен алға ілгерілеулер болғанымен қазақ тілінің қоғамдағы басым тілге айналуы — жалғасып келе жатқан күрделі процесс.

Әрине, бұл мәселені шешу тілді құрметтеген жас ұрпақтың қолында. Тіптен айтқанда, жастар арасында қазақ тіліне деген қызығушылылық артып келеді. Әлеуметтік желілерде қазақ тілінде контент жасаушылар көбейіп, тілдің заманауи форматта дамуына үлес қосуда. TikTok, Instagram, Youtube секілді платформаларда қазақша мәлімметтер мен видеоблогтардың саны артып келеді. Бұл — жастардың тілдің дамуына деген қызығушылығы өсіп жатқанын көрсетеді.
Қазақ тілінің дамуына кері әсерін беріп жатқан көзге көрінбес кедергілер бар. Бұлар күнделікті өмірде байқалмаса да.дамуға деген кішкентай бөлікті ұстап тұр. Олар: қалалық жерлерде аралас тілде сөйлеу, кейбір салаларда қазақ тіліндегі әдебиеттің аздығы.

Қазақ тілі-тек қарым-қатынас құралы емес, ұлттың болашағы мен бірегейлігінің кепілі. Тілді дамыту үшін тек мемлекеттік бағдарламалар ғана емес, әр азаматтың атсалысуы маңызды. Ата-баба қалдырған мұраны болашаққа жәдігерлеу жарқын болашағы бар жас ұрпақтың қолында. Қазақ тілі — ұлттың қазынасы.

Ә.Бөкейханов атындағы

№23 жалпы білім беретін мектеп

11 «Ә» сынып оқушысы

Ақылбекова Әсел Айболқызы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *