Өлең – баланың ішкі әлемін танытатын ең нәзік өнердің бірі. Кейде оқушының бірнеше ғана жолға сыйдырған ойы мен сезімі оның үлкен қиялын, байқампаздығын, арманын аңғартады. Өлеңнің көлемі шағын болғанымен, оның астарындағы бала көңілдің сыры терең болуы мүмкін.
Төменде Түркістан облысы, Жетісай ауданына қарасты №17 «Түркістан» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушыларының әртүрлі тақырыпта жазған шағын өлеңдерін ұсынамыз. Жетекшісі Жақсылық Нұсқабаев.
Оқушылардың бірі – туған жерін жырласа, бірі – достықты, табиғатты, тәуелсіздікті, ұстазды немесе бала арманын өлеңіне арқау еткен. Әр шумақтан оқушының өзіндік ойы мен шығармашылық ізденісін байқауға болады. Әр шумақтың артында бір балалық арман, бір таза көзқарас тұр. Жас қаламнан туған әрбір жыр – үлкен шығармашылыққа бастар алғашқы қадам. Қабыл алыңыздар, жас талапкерлердің алғашқы қадамдары мен таза жырлары!
Батырлар
Батырлары елімнің,
Ел намысын қорғаған.
Оқ жауғызып шайқасып,
Қазақ елін қорғаған.
Қазақ, Өзбек бірігіп,
Барша елге, қорған болып,
Дүние жүзін мейірімдікке баулаған.
Айтбай Аянұр Иманалиқызы,
«№17 «Түркістан» ЖББМ-нің
9 «А» сынып оқушысы.
Атыс
Атыс болады атыс,
Олардың жері батыс.
Жауының жері шығыс,
Атыс болады атыс.
Бейбітшілік
Жақсылық жасаймыз елімізге,
Соғыс болмайды жерімізде.
Дос болады бізде,
Бейбітшілік орнаса жерімізде.
Айтбай Бауыржан Өмірзақұлы,
«№17 «Түркістан» ЖББМ-нің
9 «А» сынып оқушысы.
Көктем
Көктем келді баршаға,
Елімізге жайқала.
Көктем деген тамаша,
Гүлдерімен жайқала.
Дүйсенбай Назым Асылханқызы,
«№17 «Түркістан» ЖББМ-нің
9 «А» сынып оқушысы.
Мектеп
Мектеп деген жақсы ғой,
Білім беріп өсірген.
Мектеп ана,
Мектеп біз,
Қадірлейміз оны біз.
Мектеп деген адамға,
Білім берген әрқашан
Көзін ашып адамның,
Досы болған,мектеп ана.
Қуаныш Ләйлә Дауренқызы,
«№17 «Түркістан» ЖББМ-нің
9 «А» сынып оқушысы.
Дәрігер
Бір адамды емдеген,
Емін жазып көрмеген.
Ақ халатты абзал жан,
Мен дәрігер боламын.
Қуаныш Мадина Абишқызы,
«№17 «Түркістан» ЖББМ-нің
9 «А» сынып оқушысы.
Жаңа жыл келді
Жаңа жылда бейлейміз,
Жаңа жыл біздің тойымыз.
Жаңа жыл біздің ойынымыз,
Жаңа жыл біздің досымыз.
Лесбай Дарын Ержанұлы,
«№17 «Түркістан» ЖББМ-нің
9 «А» сынып оқушысы.
Әкешім
Ардақты әке,
Күш қуатым, айбатым.
Көз жанарым,
Бір өзіңсің әкешім.
Батыл етіп,
Жеткіздің сен өмірге.
Өзіңе қарап,
Бой түзермін әлбетте.
Назарбек Әмина Муратқызы,
«№17 «Түркістан» ЖББМ-нің
9 «А» сынып оқушысы.
Жаңа жыл
Жаңа жыл елімнің,
Мерекесі жерімнің.
Бір өзің сен білдіресің,
Қазағымның кеңдігін.
Муханбетали Айзере Муратқызы,
«№17 «Түркістан» ЖББМ-нің
9 «А» сынып оқушысы.
Менің сыныбым
Менің сыныбым аяулы,
Өткен өмірі баяулы.
Қыздары бар сұлу да,
Ұлдары бар айбатты.
Олар өте қайратты,
Олар өте мейірімді.
Жүрген жері жеңіспен,
Өтеді өмір жеңіспен.
Менің сыныбым жеңіспен
Оларды бәрі мақтайды
Мақтанышпен өсеміз.
Примбет Сымбат Асқарқызы,
«№17 «Түркістан» ЖББМ-нің
9 «А» сынып оқушысы.
Мен Қазақпын
Мен Қазақпын
Отан үшін күресемін
Мен Қазақпын
Барша адамға мақтанамын
Мен Қазақпын
Қазағыммен мақтанамын
Мен Қазақпын
Барша адаммен мақтанамын.
Рахманберды Айатхан Талғатұлы,
«№17 «Түркістан» ЖББМ-нің
9 «А» сынып оқушысы.
Ана тілі
Ана тілі біздің тілі қазақ тілі,
Қадірлейміз біз оны қазақпыз деп,
Барша адам ана тілін қадірлейді.
Мақтанады барша адам ана тілмен
Ана тілден үйренеміз мәдениетті,
Ана тілден үйренеміз қасиетті.
Барша адам оқиды ана тілді,
Қазақпын деп қадірлеңіз сіз оны.
Тағайбай Айару Ерболатқызы,
«№17 «Түркістан» ЖББМ-нің
9 «А» сынып оқушысы.
Табиғат
Табиғат ана досымыз,
Қадірлейміз оны біз.
Досымызды қадірлеп,
Өтеміз бірге мәңгі біз.
Онсыз бізге өмір жоқ,
Себебі біздің досымыз.
Досымызды қастерлеп,
Өтейікші мәңгі біз.
Азрет Нұрәли Мақсатұлы,
«№17 «Түркістан» ЖББМ-нің
9 «Б» сынып оқушысы.
Дос
Досым табиғат жақсы жан,
Талай жанның жүрегін жай тапқан.
Жандарына жай тапқандар,
Дос болып кеткен табиғатқа
Арыстанбек Аружан Қанатқызы,
«№17 «Түркістан» ЖББМ -нің
9 «Б» сынып оқушысы.
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік біз үшін,
Керемет қой маңызы.
Тәуелсіздік тұғыры,
Жасай берсін мәңгілік.
Тәуелсіздікті қолдайды.
Қуаныштан қол соғып,
Оны халықта қолдайды.
Тәуелсіздік мәңгілік,
Сақтала берсін мәңгілік.
Дос-жарандар бірігіп,
Тәуелсіздікті қорғайық.
Бахытжан Қуаныш Құрбанбайұлы
«№17 «Түркістан» ЖББМ-нің
9 «Б» сынып оқушысы.
Ұстаздар
Ұстаздар ғой, ұстаздар ғой керемет,
Балаларға білімді тек үйретеді
Ардақтаймыз ұстаздарды бәріміз.
Ақылдысы ұстаздардың Бегалы ағай.
Керемет қой Раушан мен Назерке апайлар ақылды,
Ағылшынды балаларға үйретеді.
Ағылшында барлығы да тек қана
Раушан мен Назерке апайларға ғана жүгіреді.
Жақсылық ағай апта сайын келеді,
Әдебиет сабағын өтеді.
Әдебиет сабағында тек қана.
Әдемілеп келбеттеліп өтеді.
Еділ Сағди Нұрғалиұлы
«№17 «Түркістан» ЖББМ-нің
9 «Б» сынып оқушысы.
Жаңа жыл
Жаңа жыл келді,
Қолыма шырша түсті
Адамдар қуанып жүр,
Жаңа жыл келді деп.
Сапархан Данияр Құралбекұлы,
«№17 «Түркістан» ЖББМ-нің
9 «Б» сынып оқушысы.
Қыс келді
Қыста келді міне,
Аңсап күткен қар жауды.
Балалар қуанып жүр,
Құлап,күліп жыламай
Мурат Айнұр Султанқызы
«№17 «Түркістан» ЖББМ-нің
9 «Б» сынып оқушысы.
