Жуырда «М.Мәметова атындағы №33 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты ұстаздар күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ұстаздар арасында қазақ ұлттық әдебиеті мен ғылымының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың 1922 жылы жарық көрген «Педагогика» еңбегіне талдау жасалды.
Талдауды мектебіміздің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Бейсебаева мен кітапхана меңгерушісі А.Телбаеваның ұйымдастыруымен өткізілді.
Талдаудың басты идеясы жан-жақты, тәрбиелі, білімді және ұлттық құндылықтарды қастерлейтін тұлға қалыптастыру еді.
Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегі – қазақтың педагогикалық ой-пікірінің қалыптасуына үлкен үлес қосқан құнды туынды деп ең алдымен Ж.Бейсебаева сөзге шығып Мағжан атамыз бала тәрбиесін 4 үлкен салаға бөліп қарастырағанын және олардың өзара тығыз байланысын іс-шара барысында дәлелдейді:
- Ақыл тәрбиесі – баланың ойлау қабілетін, білімін, танымын жүйелі дамыту.
- Құлық тәрбиесі – адамгершілік, мінез-құлық пен жауапкершілік қасиеттерін сіңіру.
- Сұлулық тәрбиесі – өнерді, әсемдікті және ана табиғатты бағалауға үйрету.
- Дене тәрбиесі – баланың денсаулығын нығайтып, физикалық дамуына жағдай жасау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сағындық Арман Мағжан Жұмабаев баланың ұлттық болмысын, тілін, дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеуді бірінші орынға қойғаны туралы ойын ортаға салды. Әсіресе, ана тілінің бала психологиясына әсерін ерекше атап өтті.

Ж.Бейсебаева талдау барысында «Педагогика» – батыс пен шығыстың ғылыми әдістемесін қазақ менталитетіне шебер бейімдеген алғашқы іргелі туынды және бұл кітап әрбір қазақ шаңырағында тұруы тиіс құнды қазына деп қатысушы ұстаздарға сіз бұл кітапты оқыдыңыз ба?», «Мағжанның тәрбие туралы ұстанымдарымен келісесіз бе?» деп қатысушыларды пікір бөлісуге шақырды.
Тарих пәнінің мұғалімі Биболов Қанат, математика пәнінің мұғалімі Пернебек Света сынды ұстаздарымыз Мағжанның педагогикалық ойлары бүгінгі білім беру жүйесі үшін де өзектілігін жоғалтпағанын. Әсіресе балаға сүйіспеншілікпен қарау, оның жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау туралы пікірлері қазіргі ұстаздар үшін үлкен өнеге екенін айтып өтті. Кітапхана меңгеруші А.Телбаева талдау соңында қазақтың педагогикалық ой-пікірінің қалыптасуына септігін тигізетін тағылымы мол тәрбиелік мәні. Мағжанның «Педагогикасын» оқуға шақырды. «Жақсы тәрбие – жақсы ұрпақтың негізі» десек, Мағжанның «Педагогикасы» сол ізгі жолды көрсететін құнды мұра екенін біле жүрейік деп аяқтады.
Телбаева Айгуль Шахуалиевна,
Мәншүк Мәметова атындағы №33 жалпы
білім беретін мектеп КММ-нің кітапханашысы
Түркістан облысы, Жетісай ауданы.
